fbpx

EN

2021 жылдың 15 мамырда Тарбағатай ауданының Ақжар ауылындағы аудандық ауруханаға 1971 жылы туған ер адам қатты бас ауруы, бас айналуы, жүрек айнуы, құсу, есінен тану туралы шағымымен келіп түскен. Алып жүрушілердің айтуынша, ол трактордың төбесінен баспен құлап, есінен танып қалған. Пациент ургентті хирургпен қарап-тексеріліп, шұғыл түрде хирургиялық бөлімшеге жабық бас сүйек-ми жарақаты, бас миының соғылуы, бас миының жарақаттық ісінуі диагнозымен емдеуге жатқызылды.

Медициналық мамандармен қажетті медициналық көмек көрсетілді, сондай-ақ емдеу барысында медициналық авиация желісі бойынша ургенттік нейрохирургпен телефон арқылы консультация жүргізілді, нәтижесінде пациентті облыстық медициналық мекемеге әуе көлігімен тасымалдау ұсынылды. Мұндай қажеттілік ер адамның ауыр жай-күйіне байланысты: 2 дәрежелі кома және облыс орталығынан шалғай орналасуы.

Ағымдағы жылдың 18 мамырында мамандандырылған нейрохирургиялық көмек көрсету үшін өкпені жасанды желдету аппаратында пациентті медициналық авиация қызметі облыстық аурухананың реаниматолог дәрігерінің және медициналық авиация фельдшерінің алып жүруімен Өскемен қаласының Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығына тасымалдады.

FaLang translation system by Faboba