fbpx

EN

2021 жылғы 1 мамырда Үржар ауданының Мақаншы ауылындағы № 2 аудандық ауруханаға 1986 жылы туған жүкті әйел жалпы әлсіздік, дімкәстік, дене қызуының көтерілуі, жөтел, ентігу туралы шағымдарымен келіп түсті.

Жүргізілген қарап-тексеру және алынған талдау қорытындысының нәтижесінде пациентке ауыр дәрежедегі ауруханадан тыс екі жақты полисегментальды пневмония, жіті ағым диагнозы қойылды. Жүктіліктің 25-аптасы. Көрсетілген интоксикация мен тыныс алу жеткіліксіздігінің салдарынан жалпы жай-күйі ауыр. Телефон арқылы облыстық аурухананың пульмонолог, гинеколог дәрігерлерімен консультация өткізілді.

Жай-күйінің ауырлығына, жүктіліктің асқыну қаупіне, сондай-ақ ауылдық ауруханада бейінді медицина мамандарының болмауына және елді мекеннің облыс орталығынан қашықтығына байланысты 2021 жылғы 4 мамырда одан әрі мамандандырылған емдеу үшін реаниматолог дәрігердің және фельдшердің алып жүруімен пациент медициналық авиация күшімен Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасына тасымалданды.

FaLang translation system by Faboba