fbpx

EN

2021 жылғы  2 мамырда 33 жастағы әйел   жол-көлік оқиғасы салдарынан ауыр көптеген жарақат алды. Жедел медициналық жәрдем бригадасымен Құрманғазы аудандық ауруханасына жеткізілді.

Түскен кезде пациенттің жалпы жай-күйі ауыр деп бағаланып, барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. Одан әрі емделу үшін Атырау облыстық ауруханасының реанимация бөлімшесіне ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Дәрігерлердің қорытындысы бойынша зардап шеккен адамның жай-күйінің ауырлығына, сондай-ақ облыс орталығынан қашықтығына байланысты медициналық авиацияның әуе көлігі жұмылдырылды.

2021 жылғы 3 мамырда сағат 21:20-да құрамында анестезиолог-реаниматолог дәрігер және реанимация мейіргері бар медициналық авиацияның арнайы бортымен пациентті одан әрі емдеу үшін Атырау қаласына сәтті тасымалдау жүзеге асырылды.

FaLang translation system by Faboba