fbpx

EN

2021 жылғы 28 сәуірде Маңғыстау аудандық орталық ауруханасының стационарына 1957 жылы туған ер адам ауыр халде келіп түсті.

Түскен кезде ол жану сипатындағы кеуде артындағы ауырсынуға, суық, жабысқақ терге шағым берді.

Кезекші дәрігер, кардиолог, реаниматолог қарап-тексерді, шұғыл түрде анестезиология, реаниматология және қарқынды терапия бөлімшесіне "Жіті миокард инфарктісі"диагнозымен емдеуге жатқызылды.

Жағдайының ауырлығына байланысты, сондай-ақ оған тері арқылы коронарлық араласу жүргізу қажеттілігіне байланысты 29 сәуірде пациент тікұшақпен шұғыл түрде Маңғыстау облыстық ауруханасына тасымалданды.

FaLang translation system by Faboba