fbpx

EN


2021 жылғы 29 сәуірде сағат 18: 17 - де Түркістан облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының Call-орталығындағы диспетчерлік қызметке Жетісай ауданы Асықата ауылынан 25 жастағы ер адам жергілікті кафенің төбесінде монтаждау жұмыстарын жүргізіп, абайсызда кернеулі электр сымын қолымен ұстап, нәтижесінде тоқпен соққы алғаны туралы қоңырау келіп түсті. Шақыруға жедел медициналық жәрдемнің мамандандырылған дәрігерлік бригадасы жіберілді. 2 минуттан кейін дәрігерлер шақыру орнында болды. Оқиға орнына келген ЖМЖ бригадасы электр тогынан оң алақанын, мойнын, екі табанын күйік шалған зардап шегуші орналасқан ғимараттың төбесіне көтерілді. Қауіпсіздік мақсатында зардап шегушіні төмен түсірді, содан кейін дәрігерлер барлық қажетті медициналық көмекті көрсетті және зембілмен шұғыл түрде оны Жетісай аудандық ауруханасына ауыр халде тасымалдады.

ҚР ДСМ Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының деректеріне сәйкес 2021 жылдың 1 тоқсанында Қазақстан Республикасының жедел медициналық жәрдем қызметі жарақат бойынша 128 996 шақыруға қызмет көрсетті.

FaLang translation system by Faboba