fbpx
103

НКЦЭМ

National Coordination Center for Emergency Medicine

2021 жылдың 13 сәуірінде 1975 жылы туған әйел Балқаш қаласының орталық ауруханасына өз бетінше жүгініп, шұғыл түрде терапевтік бөлімшеге емдеуге жатқызылды. Жай-күйінің нашарлауына байланысты 24 сәуірде реанимация бөліміне ауыстырылды.

Геморрагиялық және анемиялық синдромға байланысты пациенттің жай-күйі ауыр дәрежелі. Әйелге IV дәрежелі тромбоцитопения, постгеморрагиялық анемия диагнозы қойылған.

Пациентке гематологиялық бөлімше жағдайында мамандандырылған емдеу, сондай-ақ толық қарап-тексеру жүргізу қажет екенін ескере отырып, 27 сәуірде медициналық авиация күшімен әйел Қарағанды қаласының Облыстық клиникалық ауруханасына тасымалданды.