fbpx

EN

Жамбыл облысы Медициналық авиациясының мобильдік бригадасы жаңа туған нәрестені Т. Рысқұлов атындағы аудандық орталық ауруханадан Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасына тасымалдады.

Нәресте 2021 жылы 24 сәуірде дүниеге келген. Нәрестенің жылау кезінде иегінің дірілдеуі және бетінің көгеруі байқалады. Балалар невропатологы зерттеп-қарап, нәтижесінде «орталық жүйке жүйесінің перинаталды зақымдануы, конвульсиялық синдром, гипер-қозу синдромы» диагнозы қойылды. Орталық жүйке жүйесінің зақымдану белгілеріне байланысты баланың жай-күйі ауыр.

Нәресте мамандандырылған медициналық көмекке мұқтаж екенін назарға ала отырып, 26 сәуірде кішкентай пациент медициналық авиация күшімен облыс орталығына жеткізілді.

FaLang translation system by Faboba