fbpx

EN

2021 жылғы 26 сәуірде 19 сағат 58 минутта Семей қаласының 103 пультіне 6 жастағы бала 2-қабаттан құлағаны жайлы шақыру келіп түсті: шақыру орнына жедел медициналық жәрдемнің педиатриялық бригадасы жіберілді. Шақырту көшеде осы оқиғаның куәгері болған көршісінен келіп түскен.

ЖМЖ бригадасы оқиға орнына 7 минуттан кейін келді. Келген бойда дәрігерлер дереу медициналық көмек көрсетуге кірісті, балаға толық көлемде медициналық көмек көрсетілді: иммобилизация және шокқа қарсы терапия жүргізілді және 35 минуттан кейін травматикалық шокпен асқынған полижарақаттар бар бала шұғыл түрде ата-анасының алып жүруімен Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті Университеттік госпиталінің травматологиялық бөлімшесіне жеткізілді. Қазіргі уақытта баланың жай-күйі тұрақты, қалпына келтірілуде.

Оқиғаның мән-жайын анықтаған кезде, ата-анасы басқа бөлмеде болған, бала қараусыз қалып, 2-қабаттың терезесінен құлап кеткені анықталды.

Құрметті ересектер! Балаларыңызға мұқият болыңыз, балаларды қараусыз қалдырмаңыз!

FaLang translation system by Faboba