fbpx

EN

2021 жылғы 22 сәуірде жаңа туған нәрестеге шұғыл операция жасау мақсатында Қарағанды қаласының Облыстық балалар клиникалық ауруханасынан Балқаш қаласының орталық ауруханасына үш дәрігерді жеткізу үшін медициналық авиация нысанында ұшу ұйымдастырылды.

Бала ағымдағы жылдың 21 сәуірінде 40 апта жүктілік мерзімінде дүниеге келді. Медициналық мамандар балаға өңештің туа біткен ақаулары диагнозын қойды. Сондай-ақ, балада геморрагиялық ауру және туа біткен пневмония анықталды.

Туа біткен даму ақауы аясында тыныс алу, гемодинамикалық бұзылулардың салдарынан баланың жай-күйі ауыр.

Медициналық авиация желісі бойынша облыстық медицина мамандарын өзіне шақыру ұсынылған облыстық мамандармен телефон арқылы консультация жүргізілді.

Даму ақауын түзету мақсатында шұғыл операция жасау қажеттілігіне байланысты медициналық авиация желісі бойынша облыстық дәрігерлер тартылды.

Операциялық бригада құрамында екі хирург және анестезиолог - реаниматолог бар арнайы бортпен келді және нәресте үшін өмірлік маңызды операцияны жүргізді. Дәрігерлер кішкентай пациентті операциядан кейінгі емдеу бойынша қосымша ұсыныстар берді.

FaLang translation system by Faboba