fbpx

EN

2021 жылғы 20 сәуірде Екібастұз қалалық ауруханасына 1954 жылы туған әйел жүрік аумағының батып ауырсынуы, кенеттен әлсіздік шағымымен келіп түсті.

Түнгі екі сағаттан бастап, жүрек аймағындағы ауырсынудан оянғанда, жағдайының нашарлағанын байқады.10 жылдан астам уақыт бойы артериялық гипертониядан зардап шегеді және кардиологтың "Д" есебінде тұр. Жедел жәрдем шақырылғаннан кейін әйелге алғашқы көмек көрсетілді. Содан кейін ол қалалық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізіліп, емдеу бөлімшесіне емдеуге жатқызылды.

Жоғары қаупі бар жіті коронарлық синдром, артериялық гипертония есебінен  пациенттің жай-күйі ауыр дәрежеде.

Пациент облыстың жетекші кардиологынан екі рет консультация алды. Медициналық авиация желісі бойынша мамандандырылған медициналық мекемеге ауыстыру ұсынылды.

Сол күні пациент реаниматологтың алып жүруімен Павлодар облыстық кардиологиялық орталығына жеткізілді, онда ол мамандандырылған ем алуды жалғастыруда.

FaLang translation system by Faboba