fbpx

EN

19 сәуірде Атырау облыстық жедел жәрдем станциясының "103" пультіне іштің ауыруы, қан кету туралы шағымдармен шақырту келіп түсті. Шақыру бірден № 2 бригадаға берілді, ол 8 минуттан кейін шақыру орнында болды.

Сауалнама кезінде 1985 жылы туған пациент іштің өткір ауырсынуына, түйіршік тәрізді нәжіске шағымданды. Пациентті қарап-тексеру кезінде тері бозарған, іш ісінген, тахикардия. Анамнезінде асқазан жарасы бар. Фельдшер «Асқазаннан қан кету. Асқазан жарасы» диагнозын қойды.

Жедел медициналық жәрдем бригадасы пациентке алғашқы көмек көрсете отырып (перифериялық веналарды катетерлеу, тұзды ерітінді құю), пациентті Атырау облыстық ауруханасының хирургиялық бөлімшесіне жеткізді.

FaLang translation system by Faboba