fbpx

EN

2021 жылғы 17 сәуірде Зайсан аудандық орталық ауруханасына бастың маңдай бөлігі сырылған, оң көз тұсындағы ісіну, әлсіздікке шағымдануы бар екі жасар бала келіп түсті. Үйінде жарақат алған – 1 метр биіктіктегі терезенің алдынан құлап, басын ұрып алған.

Ауырсынудың күшеюіне байланысты олар ауруханаға өз бетінше жүгінді, баланы хирург қарап-тексерді және ауыр жай-күйде реанимация бөліміне емдеуге жатқызылды.

Зерттеп-тексерулерден кейін «Жабық бас сүйек-ми жарақаты. Мидың травматикалық ісінуі» диагнозы қойылды.

Жай-күйдің шұғылдығына, жедел емдеу жүргізу қажеттілігіне сүйене отырып, медицина мамандары 19 сәуірде балалар реаниматологының алып жүруімен сәбиді әуе көлігімен Өскемен қаласының Ана мен бала орталығына тасымалдауды ұйымдастырды.

FaLang translation system by Faboba