fbpx

EN

2021 жылғы 17 сәуірде Жезқазған қаласының медициналық орталығының кардиология бөліміне кеудедегі ауырсыну, суық жабысқақ тер, жалпы әлсіздік шағымдары бар 1964 жылы туған ер адам келіп түсті. Өзінің жай-күйінің нашарлауы бақшадағы физикалық жұмыспен байланыстырды. Жедел жәрдем шақырылып, шұғыл көмек көрсетілгеннен кейін пациент медициналық орталыққа жеткізілді және қабылдау бөлмесінен өтіп, шұғыл коронарлық ангиографияға дайындалу үшін анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөліміне шұғыл түрде емдеуге жатқызылды.

Зерттеп-қараудан кейін «жүректің ишемиялық ауруы, миокард инфарктісі, жүрек жеткіліксіздігі, қант диабеті, диабеттік ретинопатия» диагнозы қойылды. Пациентке дефибрилляциямен жүрек-өкпе реанимациясы жүргізілді. Жүрек қызметінің тоқтауы қарыншалық фибрилляцияға байланысты болды.

Коронарлық оқиғалардың жоғары қаупін, облыс орталығынан алшақтығын ескере отырып, медицина мамандары пациентті медициналық авиация арқылы Қарағанды қаласының № 2 көпбейінді ауруханасына шұғыл тасымалдау туралы шешім қабылдады.

18 сәуірде медициналық авиацияның мобильдік бригадасы пациентті қысқа мерзімде аортокоронарлық шунттеу жүргізілетін облыстық медициналық мекемеге тасымалдады.

FaLang translation system by Faboba