fbpx

EN

Құрманғазы аудандық ауруханасының коронавирустық стационарына 2021 жылғы 12 сәуірде 1942 жылы туған әйел келіп түсті. Ол бір апта бойы ауырады, қызба, жөтел, ауа жетіспеушілігі және демікпеге алаңдатады. Пациент жай-күйінің нашарлауына байланысты ауруханаға жүгінді. Жүргізілген зерттеп-қараудан кейін сол жақ төменгі жақты пневмония анықталды. Пациент шұғыл түрде аудандық аурухананың коронавирус стационарына емдеуге жатқызылды.

Интоксикация, тыныс алу жеткіліксіздігі салдарынан жалпы жағдайы ауыр.

Оң динамиканың жоқтығын, ауданның облыс орталығынан едәуір алыстығын, компьютерлік томография жүргізу қажеттілігін ескере отырып, медицина қызметкерлері медициналық авиация желісі бойынша пациентті №2 Атырау облыстық ауруханасына ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Ұшу кезінде әйелді жедел медициналық авиация бригадасының реаниматологы және фельдшері алып жүрді. 15 сәуірде пациент тұрақты ауыр халде әрі қарай мамандандырылған медициналық көмек алу үшін облыстық медициналық мекемеге жеткізілді.

FaLang translation system by Faboba