fbpx

EN

Бүгін Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы айтулы күнді – Қазақстан Республикасы медициналық авиация қызметінің 10 жылдығын атап өтуде!

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 14 сәуірдегі № 199 бұйрығымен Санитариялық авиация жөніндегі республикалық үйлестіру орталығы құрылды, ол кейіннен алдымен Республикалық санитариялық авиация орталығы, содан кейін Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы болып қайта аталды.

Медициналық авиация қызметінің басты миссиясы - медициналық мекемелердің алыс орналасуы жағдайында Қазақстан халқы үшін оның қолжетімділігін жақсарту жолымен шұғыл медициналық көмек көрсету, сондай-ақ пациенттер мен зардап шеккендерді олардың жай-күйінің ауырлығы талап еткен кезде жылдам тасымалдау.

Медициналық жабдық немесе тиісті біліктілігі бар мамандар болмаған жағдайларда, республикамыздың шалғай аудандарында тұратын халыққа уақтылы және сапалы медициналық көмек көрсету үшін медициналық авиация қызметінің күштері тартылады. Медициналық авиацияның мобильдік бригадаларының мамандары әуе көлігін пайдалана отырып, оған мұқтаж әрбір адамға барынша жылдам және жоғары білікті медициналық көмек көрсетеді. Медициналық авиацияны тарту тек ел шегінде ғана жүзеге асырылмайды, сондай-ақ шетелде қиын жағдайда жатқан ҚР азаматтарын немесе қандастарды халықаралық тасымалдау да орындалады.

Жұмысты қорытындылай келе айта кетерлігі, 2011 жылдан бастап 2020 жылдың қорытындысы бойынша:

1) 18014 ұшып шығу, оның ішінде 85 шетелдік ұшып шығу және донорлық ағзаларды алу бойынша 71 ұшып шығу орындалды;

2) 24 945 медициналық қызмет көрсетілді, оның ішінде: - медициналық ұйымдарға 17159 (69%) пациент тасымалданды; - 4010 (16%) консультация өткізілді; - қашықтықтан медициналық қызмет көрсету-2398 (10%); - операциялар 1378 (5%).

3) 23 414 пациентке, оның ішінде: - бала жасындағы патологиясы бар - 5187 (22%) балаға; - түрлі жарақаттары бар - 4797 (20%) пациентке, оның ішінде ЖКО кезінде 1880); - қан айналымы жүйесі аурулары бар - 3701 (16%) пациентке; - акушерлік патологиясы бар - 3670 (16%) әйелге; - патологиясы бар - 3463 (15%) нәрестеге; - басқа аурулары бар - 2596 (11%) пациентке медициналық көмек көрсетілді.

Медициналық авиация нысанында көмек көрсетілетін пациенттер-бұл балалар жасындағы патологиялары, ауыр жарақаттары, оның ішінде жол-көлік оқиғалары нәтижесінде алынған ауыр және өте ауыр жай-күйдегі пациенттер, жүкті әйелдер, жаңа туған нәрестелер, жүрек-қан тамырлары патологиялары бар пациенттер және басқалар. Барлық осы сандардың артында медицина мамандары мен қызметтің барлық қосалқы қызметкерлерінің күнделікті, минут сайынғы еңбегі, және басты нәтиже ретінде – сақталған денсаулық, мыңдаған құтқарылған өмір және қызметке риза емделушілер тұр.

10 жыл бойы ҚР Үкіметінің қолдауының арқасында біздің елімізде одан әрі даму үшін зор әлеуеті бар дербес медициналық авиация қызметі жұмыс істейді. Мұндай шұғыл әуе қызметтері әлемнің әр елінде жоқ, сонымен қатар, аз ғана елдерде халыққа медициналық авиация түріндегі көмек тегін негізде көрсетіледі. Медициналық авиация қызметі арқылы еліміздің әрбір азаматына мемлекет әлемнің қай жерінде болмасын, шұғыл медициналық көмек көрсетуге кепілдікті қамтамасыз етеді.

FaLang translation system by Faboba