fbpx

EN

Ағымдағы жылдың 13 сәуірінде Жамбыл облысының Медициналық авиациясының мобильдік бригадасы 1971 жылы туған ер адамды әуе көлігімен тасымалдауды жүзеге асырды.

2021 жылғы 7 сәуірде Шу аудандық орталық ауруханасына құсу, қатты әлсіздік, тәбеттің жоғалуы туралы шағымдармен ер адам келіп түсті. Хирург қарап-тексеруден кейін ауыр жай-күйде реанимация бөліміне емдеуге жатқызылды. Медициналық мамандар "Қан кетумен асқынған асқазан карциномасы, ауыр дәрежедегі постгеморрагиялық анемия" диагнозын қойды.

Медициналық авиация күшімен әрі қарай мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін пациент реаниматологтың алып жүруімен Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасына тасымалданды.

FaLang translation system by Faboba