fbpx

EN

 

Ағымдағы жылғы 9 сәуірде дене қызуы көтеріліп, жөтел салдарынан 2021 жылы туған қыз бала жедел жәрдем көлігімен Тарбағатай аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне жеткізілді.

Жүргізілген зерттеп-қараудан кейін бала шұғыл түрде ауруханадан тыс ауыр ағындағы пневмония, тыныс алу жеткіліксіздігі, анықталмаған генездің септикалық жағдайы диагнозымен қарқынды терапия палатасына стационарлық емделуге жатқызылды.

Тыныс алу жеткіліксіздігінің салдарынан кішкентай пациенттің ауыр жағдайына байланысты, облыстық медицина мамандарымен жүргізілген консультациядан кейін, оны медициналық авиация желісі бойынша Өскемен қаласының Ана мен бала орталығының соматикалық бөлімшесіне ауыстыру қажеттілігі туралы шешім қабылданды.

Мамандандырылған медициналық көмек алу үшін 11 сәуірде сәби тікұшақпен Ана мен бала орталығына тасымалданды, онда оны әрі қарай емдеумен үлкен практикалық тәжірибесі бар жоғары білікті мамандар айналысады.

FaLang translation system by Faboba