fbpx

EN

2021 жылғы 8 сәуір 15 сағат 42 минутта Түркістан облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының Call - орталығына Келес ауданының Абай кентіндегі 16 жасар қызды автокөлікпен соғу туралы қоңырау келіп түсті. Шақыруға жедел медициналық жәрдемнің мамандандырылған дәрігерлік бригадасы жіберілді. 3 минуттан кейін дәрігерлер оқиға орнында болды. Қарап-тексеру кезінде жәбірленуші бас ауруы мен жүрек айнуына шағымданды. 103 бригадасы барлық қажетті медициналық көмекті көрсетті және қызды одан әрі зерттеп-қарау және емдеу үшін Келес аудандық ауруханасына шұғыл түрде жеткізді.

FaLang translation system by Faboba