fbpx

EN

2021 жылғы 3 сәуір сағат 18:31-де Талдықорған қаласының Облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының бірыңғай диспетчерлік қызметіне жол-көлік оқиғасы, екі көліктің соқтығысуы туралы қоңырау келіп түсті. Оқиға орнына дереу екі медициналық көмек бригадасы жіберілді. 5 минуттан кейін дәрігерлер оқиға орнында болды. Зардап шеккендерге триаж-іріктеу жүргізілді. Медициналық іріктеу нәтижелері бойынша ЖМЖ бригадалары зардап шеккендерге жедел медициналық көмек көрсетті.

ЖКО-да барлығы 7 адам зардап шекті, оның ішінде 1 жастан 4 жасқа дейінгі 3 бала және 24 жастағы бір жүкті әйел. 18 сағат 53 минутта барлық пациенттер әрі қарай зерттеп- қарау үшін Қаратал аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта медицина қызметкерлерінің айтуынша, барлық зардап шеккендердің жағдайы тұрақты.

FaLang translation system by Faboba