fbpx

EN

Босанушыларда жылдам босану үйде болу жағдайлары кезінде кездеседі. Осындай жағдайлардың бірі 2021 жылғы 31 наурызда Түркістанда болған.

06 сағат 07 минутта Түркістан облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының СаІІ орталығына 1987 жылы туған жүкті әйелдің іштің тартып ауыруы және жиі толғақ тәрізді ауырсынуына шағым жасалған қоңырау келіп түсті. Дәрігерлер бригадасы туыстары қоңырау шалғаннан кейін 15 минуттан кейін орнында болды. Осы уақыт ішінде 103 қызметінің диспетчері "қоңырауды ұстап", босанған әйелдің жұбайына оған қалай көмектесуге болатындығы туралы консультация берді, дүниеге қыз бала келді. Келген дәрігерлер әйел мен баланың жай-күйін қанағаттанарлық деп бағалады, диспетчердің сауатты консультациясының арқасында босанатын әйел мен жаңа туған балада босанғаннан кейінгі потологиялар болған жоқ, бойы-салмағы және басқа да өмірлік маңызды көрсеткіштер қалыпты. Нәтижесінде босану асқынусыз өтті-анасы мен қызын одан әрі зерттеп-қарау үшін Түркістан қаласының Облыстық перинаталдық орталығына тұрақты күйінде жеткізді.

FaLang translation system by Faboba