fbpx

EN

2018 жылы туған бала 2021 жылғы 29 наурызда Үржар аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне жедел медициналық көмекпен жеткізілді. 28 наурызда мұрыннан қан кеттіп, жіті ауру белгілері байқалды.

Педиатр жүргізген қарап-тексеруден кейін, талдау нәтижелері бойынша, "Тромбоцитопения" диагнозымен балалар бөлімшесіне емдеуге жатқызылды.

31 наурызда консилиум өткізілді, Семей қ.дәрігер-гематологынан телефон арқылы консультациясы алынды, оның нәтижесінде пациентті медициналық авиация желісі бойынша Семей қ. "СМУ" КЕАҚ университеттік госпиталінің гематологиялық бөлімшесіне ауыстыру қажеттігі туралы шешім қабылданды.

1 сәуірде кішкентай пациент дәрігер-гематолог пен балалар реаниматологының алып жүруімен облыстық клиникаға тасымалданды.

FaLang translation system by Faboba