fbpx

EN

1965 жылы туған ер адам 2021 жылғы 20 наурызда шөп тиеу кезінде жарақат алды: мойнына шөп орамы құлап, біраз уақыт есінен танып қалды. Жеке автокөлікпен Ақтөбе облысы Байғанин аудандық ауруханасына жеткізіліп, емдеуге жатқызылды.

Оған аралас жарақат, жабық жұлын жарақаты, омыртқалардың сынуы, травматикалық шок диагнозы қойылды.

Бейінді медициналық мамандармен жүргізілген телефон консультацияларынан кейін бейінді нейрохирургиялық ем алу үшін пациенттің жай-күйі тұрақталғаннан кейін Ақтөбе қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасына тасымалдау ұсынылды.

30 наурызда ер адам тікұшақпен медициналық авиация бригадасымен облыстық медициналық мекемеге тасымалданды.

FaLang translation system by Faboba