fbpx

EN

2021 жылғы 31 наурызда 5 сағат 34 минутта Талдықорған қаласындағы облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының бірыңғай диспетчерлік қызметіне 1997 жылы туған әйелдің жағдайы мен көңіл-күйінің нашарлау шағымдарымен қоырау келіп түсті, қоңырау шалушы 40-41 апталық жүктілік кезеңінде. 5 сағат 44 минутта жедел медициналық жәрдемнің фельдшерлік бригадасы пациентке жетті. Келгеннен кейін әйел іштің ауыруы мен қатты бас ауруына шағымданды. Дәрігерлер қажетті медициналық көмек көрсетті, жай-күйі қанағаттанарлық деп бағаланды, бірақ пацентің жай-күйін ескере отырып, оны стационарға тасымалдау туралы шешім қабылданды. 6 сағат 9 минутта әйел одан әрі тексеріп-қарау үшін Қарасай аудандық орталық ауруханасына емдеуге жатқызылды. Қазіргі уақытта пациенттің жай-күйі тұрақты және мамандардың бақылауында.

Қосымша бригадалардың ашылуы мен орналасуының арқасында жедел медициналық жәрдем бригадалары "Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № 225/2020 бұйрығының жеделділік санатына сәйкес уақытында жетеді.

FaLang translation system by Faboba