fbpx

EN

30 наурызда медициналық авиацияның мобильдік бригадасымен пациент тұрақты ауыр жағдайда Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасына жеткізілді. Ағымдағы жылдың 19 наурызында 1959 жылы туған әйелді жедел медициналық жәрдем бригадасы Зайсан аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне жеткізді.

Медициналық мамандар жүргізген қарап-тексеруден кейін "Геморрагиялық тип бойынша ми қан айналымының жіті бұзылуы, жаппай субарахноидальды қан құйылу"диагнозымен реанимациялық бөлімшеге шұғыл жатқызылды.

Пациенттің жай-күйінің ауырлығына байланысты оны әрі қарай мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін медициналық авиация желісі бойынша облыстық медициналық мекемеге ауыстыру қажеттілігі туралы шешім қабылданды.

МҚЖБ кенеттен дамумен сипатталады және адам денсаулығы мен өмірі үшін өте қауіпті, сондықтан оның алғашқы белгілері пайда болған кезде шұғыл медициналық көмек қажет. Уақытылы тиісті емдеу ұстама салдарының ауырлығын төмендетеді.

Бұл жай-күйге семіздік, қант диабеті, алкогольді теріс пайдалану және темекі шегетін адамдар өте сезімтал. Соңғы уақыттарда МҚЖБ жағдайлары және кейінгі инсульт жағдайлары 25-40 жастағы жастарда байқала бастады, бұл дұрыс емес өмір салты мен тұрақты күйзелістерге байланысты.

Ми қан айналымын жақсарту үшін белсенді өмір салтын ұстану, спортпен шұғылдану, таза ауада көбірек серуендеу және контрастты душ қабылдау маңызды, ол қан тамырлары мен жүйке жүйесін нығайтады.

FaLang translation system by Faboba