fbpx

EN

2021 жылғы 27 наурызда 9 сағат 8 минутта Түркістан облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының диспетчерлік қызметіне 2007 жылы туған баланың екі аяғының тұрмыстық күйіп қалғаны туралы қоңырау келіп түсті. Медициналық қызметкерлер бригадасы пациентке 9 минут ішінде жетті. Қарап-тексеру барысында «Сол жақ сирақтың 1-2 дәрежелі термиялық күйігі, 5-6% зақымдануы» диагнозы қойылып, кішкентай пациентке барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп, одан әрі емделу үшін Түлкібас орталық аудандық ауруханасына шұғыл түрде жеткізілді.

ҚР ДСМ Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының деректеріне сәйкес 2021 жылдың қаңтар-ақпан айлары аралығында Қазақстан Республикасының Жедел медициналық жәрдем қызметі жарақат бойынша 83 333 шақыртуға қызмет көрсетті.

FaLang translation system by Faboba