fbpx

EN

2021 жылғы 25 наурызда ауыр халдегі ер адам, бастың қарақұс бөлігінің қатты ауырсынуы, бас айналу, жүрек айну және құсу, ұйқының бұзылуы және құрысу дайындығы туралы шағымдарымен мейіргердің сүйемелдеуімен Құрманғазы аудандық орталық ауруханасына келіп түсті.

Соңғы айда науқас мезгіл-мезгіл бас ауруына шағымданған.

Оған аудандық аурухананың медицина қызметкерлері геморрагиялық тип бойынша ми қан айналымының жіті бұзылысы диагнозын қойды.

Аудандық ауруханада компьютерлік томографтың болмауына, ауданның облыс орталығынан алыстығына, сондай-ақ одан әрі толық қарап-тексеру және мамандандырылған емдеу үшін пациентті медициналық авиация күшімен облыстық медициналық мекемеге тасымалдау туралы шешім қабылданды.

2021 жылғы 28 наурызда пациент тұрақты ауыр халде медициналық авиацияның мобильдік бригадасымен Атырау облыстық ауруханасының нейро - инсульт орталығына тасымалдады.

FaLang translation system by Faboba