fbpx

EN

2021 жылғы 21 наурызда ер адам ауыр халде жедел медициналық көмекпен Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы орталық аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне травматикалық және гиповолемиялық шок көрінісімен жеткізілді. Жүргізілген қарап-тексеруден кейін пациент шұғыл түрде анестезиология, реаниматология және қарқынды терапия бөлімшесіне емдеуге жатқызылды, сол күні шұғыл операция жасалды.

Медициналық мамандар политравма, жабық бас сүйек-ми жарақаты, жіліншіктің ығысумен сынуы, беттің жұмсақ тіндерінің көптеген тырналулары және көгеруі диагнозын қойды.

Аудандық ауруханада травматологтың болмауына байланысты пациентті мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін облыстық медициналық мекемеге ауыстыру қажеттілігі туралы шешім қабылданды.

2021 жылғы 25 наурызда медициналық авиацияның мобильдік бригадасымен пациент тұрақты ауыр халде Тараз қаласындағы қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

FaLang translation system by Faboba