fbpx

EN

2021 жылдың 24 наурызында сағат 18:17-де Түркістан облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының Саll-орталығына 2000 жылы туған ер адамның іштің ауыруы шағымымен шақыру келіп түсті. 10 минуттан кейін құрамында екі фельдшер бар дәрігерлер бригадасы пациентке жетті. Пациенттің жай-күйі қанағаттанарлық деп бағаланды. Аурудың пайда болу жағдайларын нақтылау кезінде ол шамамен 15 минут бұрын жол-көлік апатына ұшырағанын айтады. Толық қарап-тексеру кезінде медицина қызметкерлері іштің жабық жарақаты диагнозын қойды. Пациентке медициналық көмек көрсетіліп, шұғыл түрде әрі қарай зерттеп-тексеру және емдеу үшін Атакент аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілді.

FaLang translation system by Faboba