fbpx

EN

2021 жылдың 16 наурызында Арқалық өңірлік ауруханасында ауыр жай-күйде қыз бала дүниеге келді. Дәрігерлер дененің интоксикациясы, туа біткен пневмония, ми ишемиясы және туа біткен жүрек ахауы диагнозын қойды.

Барлық осы ауыр аурулар уақтылы емдеуді және жоғары білікті мамандардың назарын талап етеді.

Емдеу барысында Қостанай облыстық балалар ауруханасының анестезиология және реанимация бөлімшесінің меңгерушісімен телефон консультациясы өткізілді, нәтижесінде жаңа туған нәрестені облыстық медициналық мекемеге ауыстыру ұсынылды.

Осылайша, 2021 жылдың 24 наурызында медициналық авиация мобильдік бригадасы жаңа туған қыз баланы Арқалық өңірлік ауруханасынан Қостанай облыстық балалар ауруханасына аман-есен жеткізді.

FaLang translation system by Faboba