fbpx

EN

2021 жылдың 12 наурызында 1964 жылы туған пациент Жезқазған қаласының көпбейінді ауруханасының полижарақат бөлімшесіне көшеде құлағанда жарақат алуына байланысты шұғыл көрсетілімдер бойынша келіп түскен.

Оған жамбас пен сан сүйектерінің бірнеше жерден сынуы және дислокациясы диагнозы қойылды.

Пациенттің алған жарақаты, ауырсыну синдромы есебінен ауыр жай-күйіне байланысты ер адамға облыстық маңызы бар медициналық мекемеде мамандандырылған медициналық көмек қажет болды.

2021 жылғы 18 наурызда пациент медициналық авиацияның мобильдік бригадасымен Жезқазған қаласының көпбейінді ауруханасынан Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының Профессор Х.Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханасына жеткізілді.

FaLang translation system by Faboba