fbpx

EN

2021 жылдың 18 наурызында таңертең Павлодар облысының 103 облыстық жедел жәрдем станциясының желісіне қоңырау шалған 47 жастағы ер адам жүрегінің қысылуына шағымданды. Көрсетілген мекенжайға дереу кардиологиялық топ жіберілді. Тексеріп-қарау кезінде, шамамен инфаркт диагнозы қойылды, ЖМЖ бригадасы дереу алғашқы көмек көрсетуге кірісті. Жүрек электрокардиограммасын жүргізу кезінде пациентте тыныс алуының тоқтауы орын алды, дефибрилляторды қолданумен жүрек-өкпе реанимациясы жасалды. Реанимациялық іс-шаралардан кейін жүрек ырғағы, пульс, тыныс алу қалпына келді және шұғыл түрде пациент одан әрі емделу үшін Павлодар қаласының облыстық кардиологиялық орталығына жеткізілді.

 Бір апта бұрын осы медициналық топ инфаркт алған 60 жастағы әйелге реанимация жасағанын айта кету керек.

FaLang translation system by Faboba