fbpx

EN

2021 жылғы 16 наурызда сағат 16: 54-те Түркістан қаласының облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының Call-орталығына Қарнақ ауылынан қоңырау келіп түсті, жүгінудің себебі – үй итінің баланы талауы, көптеген тістеген жарақаттар. Шақыруға жедел медициналық жәрдемнің мамандандырылған бригадасы дереу жіберілді. 6 минуттан кейін дәрігерлер 4 жастағы зардап шегушіге келді. Баланың бет аумағы көптеген жыртылған жарақаттармен жараланған, жедел медициналық жәрдем бригадасы балаға барлық қажетті көмек көрсетілген, содан кейін Кентау қалалық ауруханасына жеткізілген. Қазіргі уақытта бала мамандардың бақылауында және қажетті ем алуда.

Ересектердің назарына, мұқият болыңыздар және балаларды қараусыз қалдырмаңыздар!

FaLang translation system by Faboba