fbpx

EN

1996 жылы туған әйел Тараз қаласындағы Көпбейінді қалалық аурухананың қабылдау бөлімшесіне үнемі бас ауруы, көз алдында «көзіне қос» көрінумен, жүрек айну және құсу шағымдарымен жүгінді. Өтінім бергенге дейін жекеменшік медициналық орталықта емделген, жай-күйі жақсармаған. Зерттеп-тексерулерден кейін нейрохирургиялық бөлімшеге емдеуге жатқызылды. Кисталық компоненті бар мишықта көлемді ісіктің  пайда болу есебінен пациенттің жалпы жай-күйі ауыр.

Сондай-ақ, пациентке ми жұлын сұйығының шамадан тыс жинақталуынан және жүйке жүйесінің созылмалы прогрессивті ауруынан туындаған мидың зақымдануы диагнозы қойылды.

Ұлттық нейрохирургия орталығының орталық жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесінің меңгерушісімен телемедициналық консультация өткізілді, оның нәтижесінде медициналық авиация желісі бойынша Ұлттық нейрохирургия орталығына ауыстыру ұсынылды.

Осыған байланысты, 2021 жылғы 16 наурызда Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы пациентті оған жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетілетін елордадағы клиникаға тасымалдау үшін Нұр-Сұлтан – Тараз – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшуды жүзеге асырды.

FaLang translation system by Faboba