fbpx

EN

                                        

2021 жыл Қазақстанда маңызды оқиғамен – тәуелсіздіктің 30 жылдығымен ерекшеленеді. Мерейтойға – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, сондай-ақ ұлттық мәдениетті дамыту, қазақ әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін сақтау және оны паш ету мақсатында Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында Наурыз мейрамын мерекелеу бойынша #Ұлысоңболсын #Ақмолболсын хэштегтерімен челлендж жасалынды.

                                                                 

Пандемия Наурыз қарсаңында барлық қазақстандықтардың жоспарларына өзгерістер енгізгеніне қарамастан, біз осындай жарқын күнді назардан тыс қалдыра алмаймыз. Мереке алдындағы жұмыс аптасында Орталық қызметкерлері жұмысқа ұлттық киіммен келетін болады.

                                                         

«Медицина қызметкерлерінің арнайы киімдеріне ұлттық ою-өрнек элементтерін қосу тамаша болар еді. Ою-өрнек қазақ халқының тарихының бір бөлігі болып табылады, сондықтан дәстүрді сақтап, оны заманауи киімге ауыстыру маңызды. Экспрессивті эстетикадан басқа, мұндай форма ұлттық өрнектің маңыздылығын нығайтуға, патриотизмді дамытуға ықпал ете алады және біздің мәдени ерекшелігімізді көрсете алады», – деді медициналық бөлім меңгерушісі.

                                   

Қызметкерлердің бірі: «Мен мерекелік эстафетаға қуана қатысамын! Әріптестеріме қарап ұлттық мақтанышты сезінемін. Елімізде ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды ұстанудың қайта жаңғыруына өте қуаныштымын», деп өз пікір білдірді.

                               

FaLang translation system by Faboba