fbpx

EN

2021 жылғы 13 қаңтарда Семей қаласының перинаталдық орталығында дене салмағы өте төмен 25 апта жүктілік мерзімінде шала туған нәресте дүниеге келді. Бала күтімнің ұзақ кезеңінен өтті, қажетті тексеріп-қарау жүргізілді, содан кейін нәрестеге қан кетуімен шала туылған III дәрежелі ретинопатия диагнозы қойылды.

Шала туылған нәреслер ретинопатиясы - бұл көздің тор қабығының ауруы, онда көз тамырларының қалыпты дамуы мен өсуі тоқтап, патологиялық тамырлар дами бастайды, олар тор қабығына оттегін жеткізу қызметін атқармайды. Шыны тәрізді дене бұлыңғыр болады және тығыздалады, бұл тор қабығының керілуіне және бөлінуіне әкеледі, ал тиісті емдеу болмаған жағдайда көру қабілетінің жоғалуына әкелуі мүмкін. Ретинопатияның жеңіл кезеңдері көру қабілетіне айтарлықтай әсер етпейтін шамалы өзгерістер қалдыруы мүмкін. Бірақ аурудың үшінші шекті немесе төртінші сатысына жеткенде, балаға шұғыл операция жасау керек.

Дәрігерлер консилиумы өткізілді, нәтижесінде баланы жедел емдеу үшін Алматы қаласының Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына ауыстыру қажеттігі туралы шешім қабылданды.

2021 жылғы 15 наурызда медициналық авиацияның мобильдік бригадасы кішкентай пациентті Алматы клиникасына сәтті тасымалдады.

FaLang translation system by Faboba