fbpx

EN

 

      

2021 жылғы 12 наурызда Семей қаласының 103 пультіне 8 сағат 59 минутта жол-көлік оқиғасы, маршруттық автобус пен КАМАЗ автокөлігі тіркемесінің соқтығысуы жайлы шақыру келіп түсті. ЖКО маршруттық автобустың қатысуымен болғанын және зардап шеккендердің көп болуы мүмкін екенін ескере отырып, оқиға орнына жедел медициналық жәрдемнің үш бригадасы: реанимациялық бригада және екі мамандандырылған (дәрігерлік) бригада жіберілді. 9 минуттан кейін медицина қызметкерлері оқиға орнына келді. Зардап шеккендерге триаж-іріктеу жүргізілді. ЖКО-да 10-54 жас аралығындағы 11 адам, оның ішінде 10 жастағы бір бала және 28 жастағы бір жүкті әйел зардап шекті.

ЖКО зардап шегушілерде ауырлығы орташа және жеңіл дәрежедегі жарақаттар: дененің әртүрлі бөліктерінің көгеруі, кәріжілік сүйегінің сынуы, бас сүйек-ми жарақаттары, кеуде қуысының көгеруі анықталды. Зардап шегушілердің барлығына толық көлемде жедел медициналық жәрдем көрсетілді және барлығы одан әрі толық тексеріп-қарау және емдеу үшін бейінді емдеу-профилактикалық мекемелеріне жеткізілді.

Сол күні сағат 8:17-де Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында екі жеңіл көлік соқтығысқан жол-көлік оқиғасы орын алды. Осы сәтте жол-көлік оқиғасы болған жерге жақын жерде, кезекті шақырудан қайтып келе жатқан Талдықорған қаласындағы облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының медициналық бригадасы өтіп бара жатқан. Сонымен қатар, тағы бір фельдшерлік бригада жанынан өткен. Дәрігерлер дереу ілеспе шақыруға қызмет көрсетті. Жол-көлік оқиғасы орнында екі жедел жәрдем бригадасы көмек көрсетті. ЖКО-дан жалпы екі адам зардап шекті. Пациенттер одан әрі тексеріп-қарау және емдеу үшін Еңбекшіқазақ ауданының көпбейінді ауданаралық ауруханасына жеткізілді.

ҚР ДСМ Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының деректері бойынша 2021 жылдың қаңтар-ақпан кезеңінде Қазақстан Республикасының жедел медициналық жәрдем қызметі жол-көлік оқиғаларына 4 013 шақыруға қызмет көрсетті.

FaLang translation system by Faboba