fbpx

EN

Ағымдағы жылдың 12 наурызында сағат 16-дан  49 минут кеткенде Талдықорған қаласының бірыңғай диспетчерлік қызметіне 1956 жылы туған ес-түссіз жай-күйдегі пациентке шақырту келіп түсті. Сағат  16:58-де  жедел жәрдем бригадасы пациентке келді, содан кейін дереу дифрибилляторды қолдана отырып, реанимациялық әрекетке кірісті. Сағат 17:09-да дәрігерлер жүрек ырғағын қалпына келтіре алды. 9 минуттан кейін пациент әрі қарай қарап-тексеру үшін Талғар ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Бүгінгі таңда пациент реанимациялық бөлімшеден әрі қарай емдеу үшін палатаға ауыстырылды.

ҚР ДСМ Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының деректері бойынша 2021 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстан Республикасының жедел медициналық жәрдем қызметі реанимацияның 110 жағдайын сәтті көрсетті.

FaLang translation system by Faboba