fbpx

EN

2021 жылғы 9 наурызда сағат 21:50-де 1946 жылы туған әйел учаскелік мейіргермен шұғыл түрде кеудесінің қатты ауыруы мен ентігуіне шағымданумен Құрманғазы аудандық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер пациентке шұғыл медициналық көмек көрсетіп, ауырсынуды тоқтатты, содан кейін «жіті коронарлық синдром» және екі жақты пневмония диагнозымен қарқынды терапия палатасына емдеуге жатқызылды.

Облыстық медицина мамандарымен жүргізілген телефон консультациясынан кейін Атырау облыстық кардиологиялық орталығына пациентті шұғыл тасымалдау ұсынылды.

2021 жылғы 11 наурызда Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы пациентті кардиореаниматолог дәрігердің алып жүруімен оған шұғыл коронарография жүргізу үшін облыстық медициналық мекемеге әуекөлігімен тасымалдауды жүзеге асырды.

FaLang translation system by Faboba