fbpx

EN

2020 жылдың қараша айында Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының (ҰШМҮО) басшылығы "Aeroprakt.kz" ЖШС ұйымдастырған PILATUS PC-12 NG ұшағының презентациясына қатысты, онда әуе көлік құралының негізгі ұшу-техникалық сипаттамаларымен және медициналық модульді пайдалану мүмкіндіктерімен танысты, сондай-ақ тестілік ұшу жасады.
Жүргізілген келіссөздерден және қажетті борттық медициналық жабдықты орнатқаннан кейін ағымдағы жылдың ақпан айында ҰШМҮО "Aeroprakt.kz" әуекомпаниясымен бірлесіп Қарағанды және Семейден Нұр-Сұлтанға PILATUS ұшағымен медициналық авиация желісі бойынша пациенттерді тасымалдау үшін екі өтеусіз ұшу орындалды.
Ұшақтың бұл түрі пациенттерді тасымалдау кезінде қауіпсіздікті және жайлылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, уақытылы сапалы медициналық көмек көрсету үшін қажетті заманауи сертификатталған борттық медициналық модульмен жабдықталған. Барлық жұмылдырылған мамандардың тәжірибесі мен кәсіпқойлығының арқасында пациенттер одан әрі емделу үшін Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына аман-есен жеткізілді.
Қазіргі уақытта ҰШМҮО авиациялық қызметтерге тарифті ұлғайту бойынша жұмыс жүргізілуде және болашақта осы түрдегі әуе кемесін шарттық негізде тарту жоспарлануда.

FaLang translation system by Faboba