fbpx

EN

1988 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы 2021 жылғы 27 қаңтарда Ресей Федерациясы Новосибирск қаласының солтүстік айналма жолының 40-шы шақырымында үш жүк көлігінің қатысуымен жол апатынан зардап шекті. Шұғыл көрсетілімдер бойынша ол Ресей Федерациясының Новосибирск қалалық клиникалық ауруханасына түсті, онда оған көптеген сынықтар, сондай-ақ тамырлардың бұзылуы диагнозы қойылды.

Зардап шегушінің туыстары Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Сыртқы істер министрлігіне өзінің тұрғылықты жері бойынша өз отанында одан әрі оңалтудан өту үшін Новосибирск қаласынан Павлодар қаласына республикамыздың азаматын тасымалдауға қолдау көрсету өтінішімен жүгінді.

Белгіленген рәсімдер шеңберінде пациентті медициналық авиация желісі арқылы тасымалдау мүмкіндігі туралы мәселе қаралды, алайда пациентте авиа ұшуға қарсы көрсетілімдердің болуына байланысты медициналық мамандар пациентті жедел медициналық көмектің жерүсті санитариялық автокөлігімен тасымалдау туралы шешім қабылдады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінің, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының, сондай-ақ Павлодар облысының Жедел медициналық жәрдем станциясының үйлесімді жұмысының арқасында 2021 жылғы 20 ақпанда пациент тұрақты жай-күйде Павлодар қаласының № 1 қалалық ауруханасының политравма бөлімшесіне сәтті жеткізілді.

FaLang translation system by Faboba