fbpx

EN

2021 жылғы 22 ақпанда Ақтаудан Алматыға 2021 жылғы 16 ақпанда туған баланы әуе көлігімен тасымалдау орындалды.

Баланың жай-күйі туа біткен ақауларға, орталық жүйке жүйесінің гипоксиялық зақымдалуына байланысты орташа ауыр.

Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығы жағдайында балаға медициналық зерттеп-қарау жүргізілді, оның нәтижесінде баланы республикалық маңызы бар мекемеге ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Жоғары жеделдіктің, сондай-ақ медициналық авиацияның мобильдік бригадасының тәжірибесі мен кәсібилігінің арқасында нәресте Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында одан әрі емделу үшін Алматы қаласына аман-есен жеткізілді.

FaLang translation system by Faboba