fbpx

EN

2021 жылдың 11 қаңтарында сағат 19:08-де Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем станциясының 103 пультіне Новошульба ауданының Уба-Форпост ауылынан 17 жасар қыздың санасыз жай-күйіне байланысты шақыру келіп түсті. Шақыруға құрамында екі фельдшер ЖМК бригадасы дереу шықты. Пациентке барар жолда жол қар құрсауымен жабылған.

Уба-Форпост ауылының тұрғындары дәрігерлерге көмектесуге асықты. Жергілікті тұрғындардың күш-жігерінің арқасында қар құрсауын тазалауға арналған техника тартылды, бригада шақыру орнына жеткізілді. Әрі қарай тексеру және емдеу үшін қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін пациент неврологиялық аурудың алдын ала диагнозымен Бородулиха орталық аудандық ауруханасына емдеуге жатқызылды.

ҚР Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының деректері бойынша 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының жедел медициналық жәрдем қызметі неврологиялық аурулар бойынша 524 119 шақыруға қызмет көрсетті.

FaLang translation system by Faboba