fbpx

EN

2021 жылғы 11 қаңтарда Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы 2 пациентті Қостанай қаласынан астаналық клиникаларға тасымалдау үшін ұшуды жүзеге асырды.

1989 жылы туған ер адам 2020 жылғы 30 желтоқсанда биіктіктен құлап жарақат алды. Алынған жарақаттардың сипатын және пациентті жерүсті көлігімен тасымалдауға мүмкіндік бермейтін оның жай-күйінің ауырлығын, сондай-ақ жедел емдеу жүргізу қажеттілігін ескере отырып, тұрақтанғаннан кейін пациент жоғары технологиялық медициналық қызметтерді алу үшін Қостанай облыстық ауруханасынан ТОҒЗИ-ға тасымалданды.

Екінші пациент – 2012 жылы туған балаға іш қуысында ісіктің пайда болуы диагнозы қойылды. Жай-күйі ісік процесінің таралуына және ағзаның улану белгілеріне байланысты ауыр. Дәрігерлер консилиумы ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының хирургиялық бөлімшесі жағдайында баланы одан әрі тексеру және емдеу мақсатында медициналық авиация желісі бойынша ҚР ДСМ Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығын шұғыл тарту туралы шешім қабылдады.

Осылайша, медициналық авиация күштері арқылы тасымалдаудың барлық кезеңдерінде пациенттердің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ететін тәжірибелі медициналық авиацияның мобильді бригадасының бақылауымен сәтті тасымалдауды жүзеге асырды. Қазіргі уақытта екі пациент тиісті медициналық мекемелерге жіберілді, онда оларға барлық қажетті жоғары білікті медициналық көмек көрсетіледі.

FaLang translation system by Faboba