fbpx

EN
2020 жылы туған нәресте медициналық авиация желісі арқылы Омбыдан Нұр-Сұлтанға сәтті тасымалданды.

2020 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасының азаматы 2020 жылы туған нәресте Ресей Федерациясының Омбы қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына ҚР медициналық авиация желісі арқылы тасымалданды.

Нәресте 2020 жылғы 8 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында ас қорыту органдарының туа біткен даму ақауымен дүниеге келді. Туылғаннан кейін аз уақыт өткен соң, нәресте 2 операциядан өтті. Осыдан кейін тағы бір хирургиялық араласу қажет болды. Бұл операцияны жүргізу үшін баланың ата-анасы Ресей клиникасына жүгінуге шешім қабылдады. 2020 жылғы 16-25 желтоқсан аралығында нәресте әкесімен бірге РФ Омбы қаласындағы «Облыстық балалар клиникалық ауруханасында» емделуде болды.

18 желтоқсанда пациентке Ресей Федерациясының медициналық мамандары операция жасады, бірақ асқынулар туындап, нәтижесінде 2020 жылғы 20 желтоқсанда жасалынған тағы бір жедел операция қажет болды.

Пациентті автокөлік және темір жол көлігімен тасымалдау мүмкін еместігіне, сондай-ақ жоғары мамандандырылған медициналық көмек алудың шұғыл қажеттілігіне байланысты одан әрі жоғары білікті көмек көрсету үшін нәрестені Нұр-Сұлтан қаласының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына жеткізу туралы шешім қабылданды.

25 желтоқсанда Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы кішкентай пациентті тасымалдау мақсатында Нұр-Сұлтан – Омбы – Нұр- Сұлтан бағыты бойынша әуе кемесінің ұшуын ұйымдастырды. Жол бойы нәресте медициналық авиацияның мобильді бригадасының үздіксіз бақылауында болды.

Бүгінгі күні нәрестеге ұзақ емделу және оңалту қажет. Тезірек сауығуын тілейміз!

FaLang translation system by Faboba