fbpx

EN
Өткен тәулікте (2020 жылғы 24 желтоқсан) ел бойынша 103 қызметі шақыртуларының жалпы саны 18 144 құрады.

Оның ішінде: Ақмола облысында – 633, Ақтөбе облысында - 743, Алматы облысында – 1 815, Атырау облысында - 634, Шығыс Қазақстан облысында – 1 279, Жамбыл облысында – 1 252, Батыс Қазақстан облысында - 685, Қарағанды облысында – 1 363, Қостанай облысында – 828, Қызылорда облысында – 951, Маңғыстау облысында - 560, Павлодар облысында - 685, Солтүстік Қазақстан облысында - 427, Түркістан облысында – 1 470, Шымкент қаласында – 1 341, Алматы қаласында – 2 146, Нұр-Сұлтан қаласында – 1322. ⠀

Сондай-ақ, күнде коронавирустық инфекцияға (КВИ) күдікті жедел медициналық жәрдем шақыруларына қызмет көрсетіледі. Осылайша, 2020 жылғы 24 желтоқсанда 520 шақыртуға қызмет көрсетілді, оның ішінде: 317 – емдеуге жатқызылды, 203 – үй карантинінде жатыр.

КВИ бойынша өңірлер бөлінісінде шақыртулар: Ақмола облысы – 63, Ақтөбе облысы - 12, Алматы облысы – 11, Атырау облысы - 4, Шығыс Қазақстан облысы – 85, Жамбыл облысы - 50, Батыс Қазақстан облысы – 17, Қарағанды облысы - 59, Қостанай облысы – 48, Қызылорда облысы – 2, Маңғыстау облысы - 5, Павлодар облысы – 48, Солтүстік Қазақстан облысы – 27, Түркістан облысы – 3, Шымкент қаласы – 18, Алматы қаласы - 45, Нұр-Сұлтан қаласы - 23.

Сонымен бірге, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығындағы сараптау тобының құрамында коронавирустық инфекция мен пневмониясы бар пациенттерге тұрақты негізде телемедициналық консультация жүргізіледі. 2020 жылғы 25 желтоқсанда сағат 08:00 жағдай бойынша медициналық мамандар барлығы 31 325 телемедициналық консультация өткізді.

FaLang translation system by Faboba