fbpx

EN
Өткен тәулікте (2020 жылғы 23 желтоқсан) ел бойынша 103 қызметі шақыртуларының жалпы саны 18 081 құрады.

Оның ішінде: Ақмола облысында – 632, Ақтөбе облысында - 670, Алматы облысында – 1 847, Атырау облысында - 634, Шығыс Қазақстан облысында – 1 301, Жамбыл облысында – 1 242, Батыс Қазақстан облысында - 701, Қарағанды облысында – 1 399, Қостанай облысында – 898, Қызылорда облысында – 970, Маңғыстау облысында - 588, Павлодар облысында - 738, Солтүстік Қазақстан облысында - 437, Түркістан облысында – 1 433, Шымкент қаласында – 1 363, Алматы қаласында – 1 906, Нұр-Сұлтан қаласында – 1 322. ⠀

Сондай-ақ, күнде коронавирустық инфекцияға (КВИ) күдікті жедел медициналық жәрдем шақыруларына қызмет көрсетіледі. Осылайша, 2020 жылғы 23 желтоқсанда 557 шақыртуға қызмет көрсетілді, оның ішінде: 354 – емдеуге жатқызылды, 203 – үй карантинінде жатыр.

КВИ бойынша өңірлер бөлінісінде шақыртулар: Ақмола облысы – 66, Ақтөбе облысы - 3, Алматы облысы – 18, Атырау облысы - 13, Шығыс Қазақстан облысы – 90, Жамбыл облысы - 53, Батыс Қазақстан облысы – 24, Қарағанды облысы - 61, Қостанай облысы – 61, Қызылорда облысы – 3, Маңғыстау облысы - 3, Павлодар облысы – 52, Солтүстік Қазақстан облысы – 16, Түркістан облысы – 3, Шымкент қаласы – 15, Алматы қаласы - 59, Нұр-Сұлтан қаласы - 17. Сонымен бірге, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығындағы сараптау тобының құрамында коронавирустық инфекция мен пневмониясы бар пациенттерге тұрақты негізде телемедициналық консультация жүргізіледі. 2020 жылғы 24 желтоқсанда сағат 08:00 жағдай бойынша медициналық мамандар барлығы 31 034 телемедициналық консультация өткізді.

FaLang translation system by Faboba