fbpx

EN
Өткен тәулікте (2020 жылғы 22 желтоқсан) ел бойынша 103 қызметі шақыртуларының жалпы саны 17 610 құрады.

Оның ішінде: Ақмола облысында – 637, Ақтөбе облысында - 640, Алматы облысында – 1 700, Атырау облысында - 733, Шығыс Қазақстан облысында – 1 283, Жамбыл облысында – 1 172, Батыс Қазақстан облысында - 631, Қарағанды облысында – 1 276, Қостанай облысында – 888, Қызылорда облысында – 993, Маңғыстау облысында - 531, Павлодар облысында - 693, Солтүстік Қазақстан облысында - 413, Түркістан облысында – 1 434, Шымкент қаласында – 1 233, Алматы қаласында – 2 057, Нұр-Сұлтан қаласында – 1 296. ⠀

Сондай-ақ, күнде коронавирустық инфекцияға (КВИ) күдікті жедел медициналық жәрдем шақыруларына қызмет көрсетіледі. Осылайша, 2020 жылғы 22 желтоқсанда 504 шақыртуға қызмет көрсетілді, оның ішінде: 294 – емдеуге жатқызылды, 210 – үй карантинінде жатыр.

КВИ бойынша өңірлер бөлінісінде шақыртулар: Ақмола облысы – 68, Ақтөбе облысы - 6, Алматы облысы – 18, Атырау облысы - 5, Шығыс Қазақстан облысы – 79, Жамбыл облысы - 25, Батыс Қазақстан облысы – 17, Қарағанды облысы - 61, Қостанай облысы – 51, Қызылорда облысы – 2, Маңғыстау облысы - 5, Павлодар облысы – 44, Солтүстік Қазақстан облысы – 27, Түркістан облысы – 2, Шымкент қаласы – 20, Алматы қаласы - 56, Нұр-Сұлтан қаласы - 18. Сонымен бірге, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығындағы сараптау тобының құрамында коронавирустық инфекция мен пневмониясы бар пациенттерге тұрақты негізде телемедициналық консультация жүргізіледі. 2020 жылғы 23 желтоқсанда сағат 08:00 жағдай бойынша медициналық мамандар барлығы 30 596 телемедициналық консультация өткізді.

FaLang translation system by Faboba