fbpx
103

НКЦЭМ

National Coordination Center for Emergency Medicine

Ақмола облысының көпбейінді облыстық ауруханасында 20 сәуірде 24 апта жүктілік кезінде шала туылған қыз дүниеге келді.

Туылғандағы салмағы 731 грамм болды. Босану бөлмесінде жай-күйі тұрақтанғаннан кейін, жылу тізбегін сақтай отырып, бала шұғыл түрде реанимацияға ауыстырылды, өкпені жасанды желдетуге қосылды.

Баланың жай-күйі тыныс алу жеткіліксіздігіне, органдардың морфологиялық жетілмегендігіне, терең шала туылуына байланысты өте ауыр.

Медициналық мамандардың күтім кезеңінен өту кезінде туа біткен жүрек ақауы анықталды, оған операция жасау керек.

Баланың жай-күйінің ауырлығын, балалар кардиохирургінің, балалар анестезиологының жоқтығын ескере отырып, орнында медициналық авиацияның мобильдік бригадасы шақырылды.

4 маусымда Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың балалар кардиохирургиялық бөлімшесінің 3 дәрігерінен тұратын мобильдік бригада Көкшетауға ұшып барып, нәресте үшін өмірлік маңызды операция жасады. Операциядан кейінгі жай-күйі тұрақты, гемодинамикасы нормада.

Сәбидің сауығып кетуін және денсаулығы мықты болуын тілейміз!