Жүкті әйелдерге медициналық қарап - тексеру жұргізу кезінде әйелде брадикардия анықталды. Кардиолог қарап-тексерді, жүрекшелерден қарыншаларға импульс жүргізудің толық үзілуі анықталды, осыған байланысты Бейнеу ОАА шұғыл түрде емдеуге жатқызылды. Кейініннен - Маңғыстау облыстық ауруханасына ауыстырылды.
Медициналық мамандар телемедицина жүргізді, нәтижесінде пациентке электрокардиостимуляторды имплантациялау ұсынылды.
Осы мақсатта жарақаттану мен өмірге қауіп төндіретін аритмияның жоғары қаупіне байланысты пациенттің жағдайының ауырлығын, жүктіліктің ұзақ мерзімін ескере отырып, Ақтау қаласына медициналық авиация бортымен елордалық Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтан әйелдің өмірін құтқару үшін интервенциялық аритмолог - дәрігер жеткізілді. Операция сәтті өтті, пациент дәрігерлердің бақылауында.
Дәл осы бортта жаңа туған бала оның көзіне шұғыл операция жасау үшін елордаға жеткізілді. Нәрестеге шала туылған ретинопатияның агрессивті түрі, оң көздің торлы қабығының бөлінуі диагнозы қойылған.
Пациенттерімізге тезірек сауығуды және мықты денсаулық тілейміз!