fbpx

EN

Бала Орал қаласында велосипед теуіп жүргенде ауыр жарақат алған. Облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген, онда травматолог және хирург қарап-тексерген. Медициналық мамандар зерттеп-қарау жүргізіп, нәтижесінде іштің жабық жарақаты, бауырдың ауыр жарақаты анықталды.

Жарақаттың ауырлығын, жергілікті жерде операция жасау үшін медициналық жабдықтар мен мамандардың жоқтығын ескере отырып, 1 мамырда бала шұғыл түрде Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына ұшақпен жеткізілді. 

Құрметті ата-аналар!

Велосипедпен жүру апаттары орта және үлкен жастағы балалар арасында өлім мен жарақаттың жалпы себебі болып табылады. Балаңызға велосипедпен жүру қауіпсіздігін үйретіңіз: балалар міндетті түрде қорғаныс дулығаларын және басқа құралдарды қолдануы керек. Ата-аналар, баланың велосипедінің дұрыстығын үнемі тексеріп отырыңыз.

Егер сіз балаңызды бақылап, оған қауіпсіздік ережелерін үйретсеңіз, көптеген жарақаттар мен олардың салдарынан сақ боласыздар.

FaLang translation system by Faboba